1.03.2021, 16:31
Оқылды: 68

«Ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын»

-Өткен жылы наурызда елімізге енген індет халқымызды әбден әуре-сарсаңға салды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын көрсеткен» ақ халатты абзал жандардың өз өмірін бәйгеге тігіп, өзгенің өміріне араша түскеніне тек мен емес, талайлар куә болды.

5CFD2C09-07F5-465C-A167-9A8A81E00A54

Өткен жылдың маусым айында аталмыш індет құрығына түсіп 4-5 күн үйде ауырып, қызуым түспей, жергілікті медбикеміз Гүлжүзім Абрекова Сырым аудандық ауруханасына жолдама берді. Аудандық аурухана дәрігерлері мен медбикелері де ерекше күтіммен қарап, орын жетіспеушілігіне байланысты облыстық ауруханаға жолдандым. Өзім ІІІ топтағы мүгедекпін. Бірақ сол антына адал абзал жандардың арқасында қазіргі таңда денсаулығым жақсы. Қалыпты өміріме қайта оралдым. Бүгінгі таңда жұбайым Зоя екеуміз екі перзентімізден қос немере сүйіп, ақ жаулықты әже, ардақты ата болып отырмыз. Адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халат иелеріне алғысым шексіз. Сәл басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса да осы маман иелеріне жүгінетін қараша халық үшін «бүгінгі күннің батырлары» - солар, - дейді жетікөлдік Қоныс Панағожин.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале