1999 жылы 1 наурызда «Nur Otan» партиясы құрылды. Партияның 22 жылдығына Жәнібек аудандық филиалы салтанатты түрде партияға қабылдау өткізді. Аудан бойынша 6 жас маман партия қатарына қабылданды. Оларға партиялық билеттер мен шағын сыйлықтар табысталды.
-Жиырма екі жылда біздің партия өзінің қалыптасу және даму жолынан өтті. «Nur Otan» - парламенттік көпшілік ретінде орныққан және жалпы халықтың сенімін иеленген партия. Партия көшбасшысы Н.Назарбаев реформаларының идеяларымен тікелей байланысты, - деді қабылдауды өткізген «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев.
Г.Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz