3.03.2021, 20:24
Оқылды: 49

Еңбегіне қарай құрметі

Бүгін Шыңғырлауда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова зейнеткерлік жасқа толған аудандық туризм және экология орталығының директоры, өңірімізге белгілі ақын, ауданымыздың гимніне айналған «Шыңғырлауым – сәнді өлкем» әнінің авторы Адақ Шотпановты қабылдады.

IMG_3183

Әлия Биғазықызы өзінің еселі еңбегімен елінің өсіп-өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған Адақ Танабайұлына зор денсаулық, баянды ғұмыр тіледі. Сондай-ақ, алғыс хат табыс етіп, ата-баба дәстүрімен иығына оқалы шапан жапты.

20210303_201823

Адақ Танабайұлы еңбек жолын білім саласынан бастап, аудан әкімдігінде лауазымды қызметтер, мәслихат хатшысы, «Серпін» газетінің редакторы лауазымдарында абыройлы еңбек етті.   Оны аудандық «Отан» партиясының негізін қалаушы ретінде де жұртшылық жақсы біледі. Өзінің еңбекқорлығының арқасында  төрт мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Еселі еңбегі  ескеріліп түрлі алғыс хат және медальдармен марапатталды.

20210303_201837

Сондай-ақ, туған күн иесіне Шыңғырлау ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Имашев та жылы лебізін арнап, қуанышты және шуақты күндер тіледі.

Өз кезегінде Адақ Танабайұлы құрмет көрсеткен аудан әкіміне шынайы алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале