3.03.2021, 23:19
Оқылды: 46

"Масылдықты үдетпеу керек"

Бөкей ордасында мәслихаттың әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссия отырысы депутат Мәншүк Мұхамжарованың төрағалығымен өтті.

МАСЫЛДЫҚТЫ ҮДЕТПЕУ КЕРЕК

Онда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Шыңғыс Абдуллин өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, биылғы жоспармен таныстырды. Жыл басынан бері 70 отбасыға атаулы көмек берілсе, аталмыш көмекке өтініш білдіргендер саны одан екі есеге артқан.

Өзін-өзі жұмыспен қамту үшін 2020 жылы берілген несие көлемі 400 миллионға таяп қалған. Биыл бұл жоспар 877 87,6 мың теңгені құрап отыр. Ал қайтарымсыз грант  тағы да 82 адамға берілмек.

Бибігүл Жұмағұлова масылдыққа жол бермеу үшін жұмыстан бас тартқандарды саралау қажеттігін айтты.

Айзада Камалова,
тәлімгер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале