4.03.2021, 10:05
Оқылды: 31

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі хабарлады.

8262A339-24AA-4C07-84B5-697C20A626CC

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, азиат пішіндес жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де қалаға қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Жасы шамамен 17-де. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатқанын жеткізді. «Марқұмның кім екендігі анықталғаннан кейін ақпарат береміз», деді департаменттің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Сурет inform.kz сайтынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале