5.03.2021, 9:55
Оқылды: 17

«Жасотандықтар» қыз-келіншектерге гүл сыйлады

Әйел адамның өміріндегі ерекше сәтте оған гүл сыйлау дәстүрге айналған. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ақжайық жастары» нәзікжандыларға арнап ерекше акция ұйымдастырды.

гүл 1

Қала көшелерінде, қоғамдық көліктерде нәзікжанды аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанаты және барша Ақжайық жастары құттықтады.

гүл33

Жастар белсенділері нәзікжандылардың жүздеріне қуаныш сыйлап, гүлдер мен арнайы құттықтау хаттарын табыс етті.

Акцияның ұйымдастырылуына Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұрғали Жолдасқалиев қолдау білдіргенін айта кеткен жөн.

гүл 22

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале