11.03.2021, 0:54
Оқылды: 33

«Қызыл ай» қоғамынан жеткен көмек

Өткен жылдың сәуір айында Қайыңды ауылының тұрғыны Шынтемір Қалбаевтың отбасы тілсіз жау салдарынан баспанасынан айырылған болатын. Сол уақыттан бастап отбасыға ауылдастарымен қатар алыс-жақын ауылдардан көмек қоры жеткізілді.

20210311_005242

Бүгін республикалық «Қызыл ай» қоғамының атынан Қалбаевтар шаңырағына материалдық көмек көрсетілді. Төсек жабдықтары, киім-кешек, тұрмыстық заттар сынды қажетті дүниелерді республикалық «Қызыл ай» қоғамының мүшесі, ауданымыздағы өкілі Нүрия Хабибуллина табыстады.

Қайырымдылық шарасына аудан әкімдігі де атсалысып, ықпал етті. «Қызыл ай» қоғамының аудандағы өкілі Нүрия Хабибуллина қайырымдылық шараларына жиі атсалысып тұру керектігін тілге тиек етіп, аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді.

- Ауданымызда қайырымдылық шаралары жиі өткізіліп тұрады. Бұл жүрегі мейірімге толы жандардың қоғамға сіңірген еңбегі деп білемін. Бүгін өрттен зардап шеккен отбасыға «Қызыл ай» қоғамы атынан материалдық көмек ретінде жіберілген дүниелерді табыстап отырмын. Осы орайда «Қызыл ай» қоғамының үйлестірушілеріне, қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне шексіз алғысымды білдіремін. Барлық азаматтарды қайырымдылық шарларына атсалысып, қоғамда көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, әлеуетіміздің артуына үлес қосуға шақырамын, - деді ұйым өкілі.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале