12.03.2021, 9:45
Оқылды: 106

Сібірден қашқан Тілеубай батыр

1837-1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасын түгел қамтып, Жайық өзенінің сол жағына да тараған Исатай – Махамбет бастаған халық қозғалысы туралы аз жазылған жоқ. Бірақ көтеріліс тарихын жүйелі зерттеген ғалымдардың көпшілігі қозғалыс көсемдері Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұлғаларына ғана барынша көңіл бөлген. Ал олардың айналасындағы сарбаздар, халық батырлары толыққанды ғылыми зерттеуден тыс қалды. Мысалы, Исатай мен Махамбеттің үзеңгілес достары Үбі Үсеұлы, Тәни Түменұлы, тағы басқаларының кейінгі өмір жолдары әлі күнге жұмбақ. Олардың қолға түсіп, итжеккенге айдалғаны, бірақ бірнеше мәрте қашып келгені ел арасында аңызға бергісіз әңгімелерде ғана айтылады.

 сіб

Міне, осы қозғалысқа қатысқаны үшін бүкіл бауырларымен бірге Сібірге айдалып, бірақ ол жақтан елге қашып келген, соңына түскен қуғыншылардың түртпегінен атажұрт – құм Нарында тұра алмағандықтан, Жайықты жарып өтіп Тайсойғанға қоныстанған Тілеубай батыр Қойсарыұлы туралы облыстық «Орал өңірі» газетінің 12 наурыз күнгі №20 санынан танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Сібірден қашқан Тілеубай батыр» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале