16.03.2021, 10:20
Оқылды: 39

Абай болыңыз, қауіпті қиылыстар!

Биылғы жыл басталмай жатып, өкінішке орай, облыс аумағында жол-көлік оқиғалары (ЖКО) тым жиілеп кетті. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында ЖКО салдарынан 22 адам жарық дүниемен қоштасты. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және есепке алу комитеті БҚО бойынша басқармасының мәліметіне қарағанда, біздің өңірде Орал қаласы және Ақжайық, Теректі аудандарының аумағында жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын көрінеді. Орал қаласы – облыстағы ең ірі елді мекен. Сол себепті жаяу жүргінші де, автокөлік те баршылық. Ал Ақжайық пен Теректі – күрежолдың бойындағы аудандар.

IMG_7121

Жол-көлік оқиғалары Оралдың Абай және Н.Назарбаев даңғылдары, сондай-ақ Жәңгір хан мен Мұхит көшелерінің бойында жиі орын алады екен. Бұған қоса біз Абай мен Н.Назарбаев даңғылдарының қиылысында һәм Мұхит пен Сарайшық көшелерінің қилысында көліктер жиі «сүзісіп» қалатындығын және осындай жайттардың кесірінен жаяу жүргіншілер де жиі жапа шегетіндігін ел-жұрттың қаперіне саламыз.

 

Бауыржан Әлжанұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале