17.03.2021, 15:59
Оқылды: 42

Жәнібекте қауіпсіздік мәселесіне арналған жиналыс өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен «Өрт қаупі кезеңіндегі аудан аумағындағы құралдар мен күштердің дайындығы» туралы жиналыс өтті.

IMG_3691 (1)

Жиын барысында алда келер жаз мезгілінде белең алатын өрттен сақтану жолдары, қауіп туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органның дайындығы, аталмыш органның атқарған жұмыстары хақында айтылды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Алтаев аудан аумағындағы күштер мен құралдардың өрт қауіпіне дайындығы туралы баяндады.

Баяндаманы тыңдаған Жасұлан Қыдырғожаұлы бірқатар мәселелердің шешу жолын талқылап, ұсыныстар жасады.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы аудандық электр торабы, «Инженерлік қызмет», «Жолаушы» коммуналдық кәсіпорын ұжымына қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алып, апатсыз өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.

 

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале