18.03.2021, 9:28
Оқылды: 31

Жүктілікке байланысты төлемді рәсімдеу қалай жүзеге асады?

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Жүктілік кезіндегі машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек.

346A6FBD-472A-43BB-BC3B-E77EC2A99132

Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып, есептеледі.

Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет:

- Жеке басын куәландыратын құжат.

- Банк шоты жайлы мәлімет.

- Жұмысқа жарамсыздық парағы.

- Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің  мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.

*Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады.

Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Магзура Нұрмұханбетова,

БҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалының PR-менеджері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале