18.03.2021, 16:39
Оқылды: 23

Ел ағасы – Ерболат

Жақында Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылында екі ауданның құрметті азаматы болған марқұм Ерболат Зинешовтің тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Ерболат ағаның туған күнімен орайластырған бұл шараға ауылдың үлкен-кішісі жиналды.

00C72EA4-8007-4046-BD82-47D2959995A8

– Еселі еңбегімен қарапайым механизатордан басшылық қызметке дейін өскен Ерболат аға өзінің еңбек жолында талай қиындықты еңсеріп, түрлі мадақтарға ие болған. Жердің жайын, техниканың тілін білетін азаматтың жұмыс істеу әдіс-тәсілдері заманмен үндесіп, қарапайымдылығының арқасында кез келген жанмен тез тіл табысып, жүктелген міндет пен берілген тапсырманы орындаудағы тиянақтылығы, өз ойын ісімен көрсете білетін маман  еді.

Адам баласының бойында ізгі де асыл қасиеттер көп. Солардың маңыздысы – болашақты бағдарлау, алдыңа мақсат қою және арманға қол жеткізу. Осы қасиеттер бір адамның бойынан табылуы неғайбыл, ал Ерболат Зинешов бойында бұл асыл қасиеттер қанмен келген десек, артық айтпағандық емес.

Елге абыройлы, ағайын-туыс арасында сыйлы, өмірі өскелең ұрпаққа өнегелі азамат Ерболат Зинешовке қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды,-деді Т.Масин ауылдық округінің әкімі Меңдібай Қитанов.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында ауылдық ақсақалы Есенболат Шәпенов пен Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ардақты азамат туралы естеліктерімен бөлісіп, тақта шымылдығын сыпырды.

Раушан Аппақова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале