Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Еске салайық, 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді. 18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өтті.
zhaikpress.kz
Сурет egemen.kz сайтынан алынды