19.03.2021, 23:45
Оқылды: 64

Шоқтығы биік тұлға

«Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын оның  ісі» деген қанатты сөз бар. Міне, осындай артында өшпестей із қалдырған  тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Мұстахим Ықсановтың туғанына биыл 95 жыл толып отыр.  

6D086E4C-E2A8-4615-87EF-B84DB85F39E2

Мұстахим Біләлұлы 1926 жылы 30 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының Борсы ауылында дүниеге келді. Ресей Федерациясымен шекаралас Жәнібек ауданы тарихының өзі бір төбе. Бұл өңірде Ғұмар Қараш, Алма Оразбаева, Ғахаш Бияшев, Пангерей Шолақов, Капан Мусин, Мәншүк Мәметова, Хаби Халиуллин, Меруерт Өтекешева сынды тұлғалардың кіндік қаны тамған.

«Адам туған жердің топырағынан жаралады» деп бекер айтылмаса керек. Осындай киелі топырақта дүниеге келген Мұстахим Ықсановқа қазақ жыраулық поэзиясының көрнекті өкілі Шалкиіз Тіленшіұлы мен ойшыл ақын Ғұмар Қараш аталас туыстар болып келеді. Атасы Ықсан өзінің ұлы Біләлмен бірге інісі Қыдырғалидың да үш баласын өз тәрбиесіне алып өсіріп, үлкен бір әулеттің ақылшысы, парасатты жан болған. Кейін олардан тараған ұрпақтарын да оқытып, білім алуына көмектескен.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №23 санынан оқи аласыздар.

Асқар Атаев,

облыстық  М.Ықсанов  

атындағы қоғамдық қордың төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале