Оралда Наурыз мерекесіне орай «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының алғашқы қойылымы сахналанды.
Театрдың премьерасы актриса, драматург, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айжан Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісімен ашылды.
Театрдың ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, осы өнер саласының белді өкілдері қатысып, жас ұжымға сәттілік тіледі.
Қойылымның қоюшы режиссері - Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актері әрі режиссеры Самал Әбуов. Ертегінің ойдағыдай сахналануына қоюшы суретшісі, көркемдік жетекші Әсемгүл Төлепберген де өз үлесін қосты. Қойылым балетмейстері – Қымбат Сариева. Премьерада Арсен Нұфтығалиев, Меңдәли Меңдәлиев, Наргиз Айшуақова, Гүлназ Хайроллаева, Әлижан Тұрғали, Ақтолқын Сәбитқызы, Сардар Ерен, Эльнара Сейтжан ойнап, өз өнерлерін көрсете білді.