19 наурыздан 20-шы наурызға қараған түні «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасы аясында және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Казталов ауданының аудан орталығында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді. Арнайы құрылған мобильді топ құрамында «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Казталов аудандық кеңсесінің жетекшісі Аңсар Ибраев, Казталов аудандық полиция бөлімінің жол-потрульдік полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері болды.
Рейдтік жұмыстар барысында түрлі санаттағы көліктер тоқтатылып, тиісті құжаттары тексерілді. Көлік жүргізушілеріне жол ережелері түсіндіріліп, заңды сауалдар бойынша ақпараттар берілді. Рейдтік жұмыстардың нәтижесі жөнінде «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Казталов аудандық кесесінің жетекшісі Аңсар Ибраев мынадай мәлімдеме жасады.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында аудан орталығы Казталов ауылында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 20-ға жуық көлік тоқтатылып,құжаттары тексерілді. Ешқандай заңбұзушылықтар орын алмады. Жоба аясында рейдтік жұмыстар жалғасын табатын болады, - деді Аңсар Ихсанұлы.
Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жол ережесін бұзуға қатысты рейдтік жұмыстардың күнделікті жүргізіліп тұратындығын алға тартты. Жалпы жолдағы келеңсіз оқиғалардан сақ болу үшін жүргізуші жол ережесін сақтауы маңызды. Ал заңға бағынбаудың арты жауапкершілікке әкеп соғатындығын әсте естен шығармағанымыз жөн.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz