22.03.2021, 14:47
Оқылды: 68

Жаңақалада "Бозбала мен бойжеткен" онлайн өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Бозбала мен бойжеткен» атты онлайн іс-шара өтті.

64FEEC7F-971A-47B1-AF44-7C22474F300C

Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымы ауыл жастарымен бірлесіп, ұмыт болған бастаңғы дәстүрін орындады. Қойылым барысында қыз-жігіттер ән айтып, қазақтың дәстүрлі ойынын паш етті. «Сан жылдар сүзгісінен өткен ұлттық салт-дәстүрімізді санамызға құйып, ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіріп өскен жастармыз» деп жігіттер жағы қазақтың көне ұлттық ойынының тарихын да тілге тиек етті.

82BA78D2-46FB-4A7B-8C90-448F9C74D16B

- Онда ойын шартын түсіндірейін. Ортаға екі ойыншы шығады. Біреуінің көзі байланып, ине іздесе, екіншісі көрермендер арасына ине жасырады. Ойыншының ине іздеуін жеңілдету үшін домбырашы күй тартып отырады. Іздеуші ине жасырылған адамға жақындаса күй күмбірлейді, алыстаса күй бәсеңдейді. Ине жасыра алмаған, кәде бойынша ән салып не әзіл айтып береді. Ал табылмаса іздеушінің өзі айып тартады,- деді бозбала. Ойын көңілді өтіп, жігіт аталмыш инені таба алмай, айыбын өтеп, ән орындап берді.

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале