22.03.2021, 17:25
Оқылды: 18

Наурыз мерекесін қаратөбеліктер де көңілді қарсы алды

Қаратөбе ауданында 14-22 аралығында ұйымдастырылатын мерекелік шаралар жоспары карантиндік талаптарды ескере отырып, жасақталды.

A0811178-4BDB-4F59-81C5-80652FBFCF71

Тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, әсіресе балаларды қуанту мақсатында күнбе-күн өтетін шаралардың жоспары бекітілді. Мысалы 15 наурыз күні "Домбыра party", яғни, күй тарту ұйымдастырылды. Кез келген тұрғын аудандық мәдениет үйінде өтетін аталмыш шарада өнер көрсетіп, Наурыз-қоржын, сый-сияпатқа ие болды. Дәл осы бағытта мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, ән-жыр айту, наурызға арналған тақпақ, өлең оқу, бата беру, сондай-ақ ұлттық ойындар 21 наурызға дейін өз кезегімен жалғасты. Ал 22 наурыз күні, яғни бүгін мейрамды отбасында тойлауға, көршілерін құттықтауға, әр тұрғын өз ауласына көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу секілді бағыттарға мән берілді.

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале