Қаратөбе ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған өлеңдер және жарапазан айту шарасы өтті.
Жарапазан айтқан тұрғынға аудандағы мекеме қызметкерлері «Наурыз-қоржын» үйлестірді. Сондай-ақ жүзіміз жайнап, қуаныштан шаттық үні шарықтап, аузымыз аққа тиіп, дастарханымыз молшылыққа кенелетін осынау мерекемізде ұлттық тағамдарымызды ұлықтау мақсатында байқау өтті.
Айта кету керек, қазір елдегі пандемия кезінде барлық іс-шара онлайн ұйымдастырылуда.
Үміт Шурина,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz