Әз-наурызда сайқындық жастар қолұшын беріп, жалғызбасты ауыл азаматтарына көмектерін көрсетті.
-Демеушілік қолдаумен 18 отбасыға 150 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Бірі мұқтаж отбасының жылуға берешегін түгел өтеп берсе, біреулері 25 келілік астық таратты, көпшілігі азық-түлікпен көмектесті. Аз қамтылған, жалғызбасты, көпбалалы отбасыларды тексеріс барысында кей баспаналарда табиғи газдың сигнализаторы жоқтығы анықталған болатын. Міне, қайырымды жандардың көмегімен сондай бес құрылғы алынып берілді. Жақында барып орнатып бермекпіз,- деді Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Омарова.
Р.Аппақова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz