Орал қаласындағы «Айдана» ЖШС мембағдарламалар аясында өңірімізде жол салу, жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін компания екені белгілі. Серіктестік сонымен қатар астальфт-бетон өндірумен де айналысады. Сол себепті ол қоршаған ортаға, адам денсаулығына тигізетін әсері жағынан 1-санатқа жататын, яғни қауіптілігі жоғары кәсіпорындар қатарына енген. ҚР Ұлттық экономика министрімен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитарлық-қорғаныш аймағын (СҚА) белгілеу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына» сәйкес мұндай кәсіпорындардың СҚА көлемі 1000 метрден кем болмауы керек. Осы орайда соңғы кезде «Айдана» бұл талапты бұзушылардың санатынан көрініп отыр. Яғни бүгінгі таңда ондағы СҚА 340-425 метр шамасында. Серіктестік өкілдері бұған Орал қалалық әкімдігі кінәлі екенін айтады. Себебі жергілікті атқарушы билік санитарлық қорғау аймағын ескерместен жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін берген көрінеді.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 26 наурыз күнгі №24 санында журналист Сәкен Мұратұлы «Айданадан» қауіп бар ма?» атты мақаласында мәселенің мән-жайына көз жүгіртіп, оқырманға ой тастайды.
zhaikpress.kz