Орал қаласының №35 мектеп-лицейіндегі химия пәнінің мұғалімі Зинаида Сухина білім саласында елеулі жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.
«Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпазы Зинаида Сухина – тоғыз еңбектің авторы. «Педагогтің үздік портфолиосы» ІІ республикалық педагогикалық байқауда оның жұмысы екінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Соңғы үш жылда 28 облыстық және бірнеше республикалық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған. Оның оқушылары республикалық пәндік байқауда және Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде ІІ жүлделі орынды иеленген.
Жеңімпаз ұстаз Зинаида Сухинаға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына қоса, 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық төлем тағайындалды.
Гүлжан Ғалым,
zhaikpress.kz