26.03.2021, 10:24
Оқылды: 41

Тасқалада 3,5 мың текше метр қар шығарылды

Қыс көрпесінен оянып, табиғат-ана жаңарып жатыр. Қыс бойы үйілген қарлар еріп, күн көзі жылына бастады. Десек те, Тасқала ауданындағы «Каменка» метеостанциясының ақпаратына сәйкес, жердің қатуы 47 см болса, Деркөл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 52 см, ал қардың қалыңдығы 25 см-ді құрап отыр. Жалпы, аудандық ТЖБ мен әкімдікпен бірлескен су тасқынына тосқауыл жұмыстары қарқынды жүруде.

82ECDEDE-B1E9-49D1-8C6B-956A3DFDE96E

Аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау капитаны С.Молдашевтың мәліметінен білгеніміз, ауданда су тасқынына қауіпті Бірлік, Тасқала, Амангелді, Шежін-1, Шежін-2, Атамекен (Қазақстан) аймақтары анықталып, қауіптің алдын алу бағытында жұмыстар қарқынды жүруде. Ауыл ішіндегі қалың түскен қарды шығаруға коммуналдық шаруашылық мекемесінің техникалары жұмылдырылған. Бүгінде біраз көшедегі үйілген қар тазартылған. Осы бағыттағы науқандық істер әлі де жалғасуда. Атап айтсақ, аудан орталығында 3,5 мың текше метрден астам қар шығарылған. Аудан әкімдігі су өткізу арналары мен құбырларды тазарту үшін ұйымдасқан жұмыс жоспарын бекіткен. Сонымен бірге су өткізу каналдары мен құбырларды тазарту да көңіл көншітерліктей. Сол іс бойынша жұмыс нәтижесі де көріне бастаған. Еріген қар суы өтетін жерде қамыс өсімдіктерін шабу ісі де оңтайланып келеді. Әрине, «сақтансаң, сақтаймын» дегендей, табиғат апатының алдын алуда ТЖ бөлімі «ӨС және АҚЖҚ» ММ №15 өрт сөндіру бекетімен, жергілікті атқарушы органдар, жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар хақында тұрақты түрде рейд жүргізіліп, жадынамалар мен буклеттер таратылған.

FDE3F968-895F-49BA-8C99-B2344AD5178B

– Осы уақыт ішінде құзырлы орган қызметкерлері 240 аулаға бас сұғып, 513 адамға қауіптің алдын алу жайында ақпарат таратты. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының әрқайсысына жеке ауланы тазалау қажеттілігі жөнінде ескертілді. Су тасқыны орын алған жағдайда алғашқы іс-шаралар туралы жұмыс та көпшілік тарапынан қолдау тапты. Дауысзорайтқыш, байланыс құралдарымен, жергілікті баспасөз арқылы әлеуметтік желілерде (ватсап чаттар, инстаграм, фейсбук) жариялау қажеттілігі төңірегінде нақты жұмыс жоспары бекітілгенін де айта кеткеніміз жөн. Мұздың кептелуін болдырмау үшін наурыз айының соңына дейін Деркөл өзенінде тесіктерді бұрғылау мен мұз кесу жұмыстары жоспарлануда, – дейді Самат Камидуллинұлы.

Тұрсын Тек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале