26.03.2021, 17:59
Оқылды: 44

Теректі ауданының әкімі кооператив құру тәжірибесін бөлісті

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мәселесі қызу талқылануда. Облыс әкімі Ғали Есқалиев кооперативтер жұмысын жандандыру мәселесін басты назарға ұстап отыр. Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов облыс басшысы тапсырмасымен құрылған жұмыс тобымен Алматы және Ақмола облыстарына барған еді. Аудан әкімі осы бағыттағы жұмыс жоспары және өзге өңірлердегі кооператив құру тәжірибесі жөнінде баяндады.

 ек1

– Теректі ауданында 2016 жылы 26 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, 885 ірі қара мал басы тіркелген. 2017 жылы үш кооператив тұқымдық түрлердіруге аналық мал бастарын асыл тұқымды бұқамен қамтамасыз етпеу себепті өз жұмысын тоқтатты. Бүгінгі күнге ауданда тіркелген 23 ауыл шаруашылығы кооперативі 18-і жұмыс істеуде. Кооперативтерде 313 адам еңбек етуде. 12 кооператив ірі қара мал және оларды тұқымдық түрлендіру жұмысымен, бес кооператив сүт қабылдаумен бір кооператив су жеткізу жұмысымен шұғылданады. Былтыр кооперативтерге 19 миллион 960 мың теңге субсидия қаржысы  төленді.  Тауар өндірушілерге су беру үшін 1 АӨК 2 млн. м³ су жіберді, тағы бір кооператив  305,5 тонна сүт өндірді, 15 еңбек ұжымы бір жылда 66,5 тонна ет өндірді. Жалпы табыс көлемі – 133 млн 593 мың теңге. Кооперативтердің жұмыс бағытын түсіндіру мақсатында арнайы топ құрылды, - деді Арман Кәрімұлы.

Табиғи өнімдерді тауар өндірушілерден тұтынушыларға делдалсыз, тікелей ұсыну мақсатында аудан әкімі Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ректоры А.Баяховпен екі жақты меморандумға қол қойды.

Арман Өтеғұлов биылғы 15 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қабылдауында болғанын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ережесіне өзгерістер енгізу туралы бес ұсыныс жасалғанын айтты. Оның 2-еуі қолдау тауып, қалған 3-еуін ҚР Президенті бекітетін ұлттық жоба ережесіне енгізу қарастырылады.

Атап өткеніміздей, Теректі ауданы делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылындағы
«Азат Ет» АӨК өкілдерімен кездесті. Одан кейін Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы «Шелек фермерлері» АӨК мүшелерімен жүздескен. Бұл кооператив 35 шаруа қожалығының басын біріктіріп отыр.

«Аудан картоп, көкөніс және бау-ақша өсірумен айналысатын 18 шаруашылық бар. Фермерлердің басым көпшілігі Шаған ауылдық округінде орналасқан. Шаруа қожалықтары кооператив мүшесі бола алады. Оған мысал ретінде Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы «Шелек фермерлері» жұмысын айтуға болады. Шаған ауылдық округінде Барбастау өзені бойындағы тоғыз шаруа қожалығының және аудан бойынша грант алушылардың басын біріктіріп кооператив құруды жоспарлап отырмыз», – деген Арман Өтеғұлов 2021 жылы 122 адамға 71 175 000 теңге грант қаржысы бөлінгенін хабарлады.

Грант алу бағыты өзгеруіне байланысты тағы 392 адамға қаржы қарастыру жоспарланған.

Аудан әкімдігі соңғы үш жылдық тәжірибені сараптай отырып, биыл грант беруді ауылшаруашылық кооперативін (мал шаруашылығы, құс өсіру (бройлер) және бау-бақша) құру арқылы жүзеге асырмақ.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале