2.04.2021, 10:56
Оқылды: 47

Теректі ауданының әкімі Тоқпайдағы көппәтерлі үйдердің құрылысын бақылады

Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов жұмыс сапарымен Подстепное ауылдық округінің Тоқпай ауылында болып, үлкен құрылыс басын аралап шықты.

23643A8E-B45F-4912-B05E-458408F895CA

Құрылыс жұмыстары ең ауқымды жоба  «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Мердігер - «КазХол» ЖШС.

Жоба бойынша Тоқпай ауылында бірыңғай үлгідегі көппәтерлі 40 үй салынады. Үйдің әрқайсысы 3 қабатты, 6 пәтерлі болады. Әр пәтердің көлемі – 104,2 шаршы метрден. Жалпы көлемі  3,5 гектар болатын бұл құрылыста болашақта кешендік негізде балабақша, дүкен, дәріхана сияқты әлеуметтік нысандар да тұрғызылады. Жоба толықтай аяқталған кезде 240 отбасы баспаналы болады. Бұл үйлерді иесіне тапсырар кезде үй кезегінде тұрған, «Тұрғын үй жинақ қорында» қаржы жинақтаған теректілік азаматтарға басымдық беріледі.

Қазірдің өзінде жиырмадан астам үй бой түзеген құрылыс алаңында аудан басшысы Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев, «Казхол» ЖШС өкілдерімен кездесті. Осы жерде биылғы атқарылатын жұмыстар барысы пысықталды. Арман Кәрімұлы жаңа тұрғын үй кешенінің аумағын абаттандыру және кәріз жүйесін реттеу мәселелері төңірегінде пікірін білдіріп, сала мамандарының ұсыныстарын тыңдады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале