2.04.2021, 12:09
Оқылды: 60

Тасқалада «Айлакер бала» ертегісі көпшілік назарына ұсынылды

Жуырда Халықаралық театр күніне орай «Өнерлі өркен» жобасы аясында Тасқала ауданына қарасты Шежін ауылдық мәдениет үйі жанындағы үлгілі «Балдырған» қуыршақ театры бұрышының ашылуы рәсімі өтті.

 ер1

Театрдың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемдік жетекшісі Данабек Алжекенов, Шежін ауылдық мәдениет үйінің директоры Ағырыс Әбдірахманова театр бұрышының маңыздылығына тоқталып, жылы лебіздерін жеткізді.

Аталмыш шараға қатысқан ауыл тұрғыны Махаббат Маратова да өз қуанышын білдірді.

Шара барысында «Балдырған» қуыршақ театрының жетекшісі Махамбет Мұрзағалиев халық күйі «Келіншекті» нақышына келтіре орындады.

ер2

- Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені осы театр сахнасына ұғынасыз. Театр – мөлдір өнер. Ал соның ішінде қуыршақ театрының алар орны ерекше. Үлгілі «Балдырған» қуыршақ театры Шежін ауылдық мәдениет үйі жанынан 2012 жылы қуыршақ үйірмесі болып құрылды. Талай қойылымдармен өз көрермендерін қуанта білген ұжым 2018 жылы «үлгілі» атағына ие болды. Бүгінде балаларды жаманнан жиреніп, жақсыны үйрену, достықты қадірлеу сынды ізгі қасиеттерге үндеуде қойылымдардың орны ерекше, - дейді ұжым жетекшісі Махамбет Мұрзағалиев.

Айта кететіні, бұл бастама балалардың қуанышын арттырып, ұжымның жұмысын жандандыру мақсатында аудандық мәдини-демалыс орталағы директорының міндетін атқарушы Ибрагим Уразалиевтың қолдауымен, аудандық халықтық театр режиссері, Шежін ауылдық мәдениет үйінің кураторы Мағжан Жұмағалиевтың ұсынысымен жүзеге асты.

Шара соңында театрдың «Айлакер бала» ертегісінен қойылым көрермен назарына ұсынылды.

 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале