5.04.2021, 10:37
Оқылды: 20

Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адам табылмай жатыр

Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адам таптырмай жатыр.

DBA3EE25-96CA-42B6-9C60-295CB6D14DCD

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Анатолий Максин облыстық ауруханадан 1 сәуір күні шығып кеткеннен оралмаған. Бұл туралы ҚазАқпаратта жарияланды. Ғ.Құрманғалиев көшесі 15/1-үйдің 6-пәтерінде тұратын оның бойы 160-165 см, толық денелі, ақ шашты, сақалы бар, мұрны тіке, бүгіңкі, қой көзді. Үстіне қара түсті спорттық трико, жүннен тоқылған свитер киген, көйлегі көгілдір түсті, үйге киетін жеңіл аяққиіммен, қолына сары пакет ұстап шығып кеткен. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале