7.04.2021, 16:53
Оқылды: 52

Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы «Adal komek» жобасына қатысты

Дәстүрге айналған «Adal komek» жобасының кезекті тікелей эфиріне Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин шықты. Ол аудан мектептері оқу жылының IV тоқсанын қалай оқитыны жайында айтты.  

FE1AA405-90B2-4B35-91C7-CF571771D60E

Білім бөлімі басшысының сөзінше, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанын 46 мектеп 8951 оқушымен бастаған. Бүгінде контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер саны – 35. Ондағы оқушылар 3679-ды құрап отыр. Осы білім ордалары сыныптарда балалар санын 15 оқушыдан асырмай, дәстүрлі форматта оқытып жатқан болса, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімімен 15 баладан көп оқушысы бар сыныптар екіге бөлінеді екен. Бұл шаралар Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 қаулысына, «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес қабылданған.

-Ауданда контингенті 300 оқушыдан жоғары 11 мектеп бар. Онда 5272 бала білім алуда. Ол мектептерде мектепалды даярлық топтары мен оқушы саны 15 оқушыдан аспайтын 1-ден 5-ке дейінгі сыныптар аралас форматта оқуда. 9, 11-сынып оқушылары сабақтың 70%-ын штаттық, 30%-ын қашықтық режимде оқуда. Ал қалған сыныптағы шәкірттер қашықтан оқытылуда. Сонымен қатар бір сынып барлық сабақты бір кабинетте өткізеді,- деді Серік Нәженұлы.

Бұдан бөлек, аудан мектептерін кешенді виртуалды оқытумен қамтамасыз ету және түлектердің ҰБТ-ға дайындығын пысықтау үшін «iTest» бағдарламасына, бастауыш мектептерді «iMektep» мультимедиялық  курсына, «Bilimland» білім платформасына және «OnLine Mektep» ақпараттық-сандық білім платформасына қосу ісі де жүзеге асырылған. Соның ішінде аралас форматта жұмыс жасап отырған 11 мектепті «OnLine Mektep» платформасына қосу ісі де оң шешіліпті. 

Эфир соңында Серік Сафиуллин ҰБТ-ға енгізілген ерекшеліктер мен оқушыларға берілетін мүмкіндіктер жайында да айтып берді.

 Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале