12.04.2021, 19:13
Оқылды: 86

Ақсай қаласының әкімі тағайындалды

Бөрлі ауданында Ақсай қаласы әкімінің сайлауы өтіп, оған аудандық мәслихат депутаттары толық қатысып, таңдау жасады.

ақ1

Ақсай қаласының әкімі болып Арсен Толқынұлы Баяндыков сайланды.

Бөрлі ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №150-ө өкімімен тағайындалған Ақсай қаласының әкімі Арсен Толкынұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2002 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2006 жылы «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002-2005 жж. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру, құқықтық қамтамасыз ету және өндіру бөлімінің салық инспекторы-заңгер болып бастаған.

ақ2

2005-2006 жж. - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Әділет басқармасының бас маманы; 2006-2007 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы-заңгер; 2007-2013 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы; 2013-2017 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы; 2017-2020 жж. - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары; 2020-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы «Azat Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

12.04.2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале