13.04.2021, 23:21
Оқылды: 31

Сенбі күндері ХҚО азаматтарды алдын ала электрондық брондау арқылы қабылдайды

 Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде Орал қаласындағы мамандандырылған ХҚО азаматтарды алдын ала электрондық брондау арқылы қабылдайды.

57B5EDF5-9A45-4241-85CF-D449458D8571

Брондаудың электрондық жүйесі – бұл еліміздің барлық облыстарына бірдей қызмет ететін бірыңғай жүйе. Ал карантиндік шектеу шаралары әр облыста эпидемиологиялық жағдайға қарай әрқалай өзгеріп отырады.

ХҚО-ға кезекті электронды түрде брондау уақыты аталмыш жүйеде сенбі күні сағат 18.20-ға (Нұр-Сұлтан қ. бойынша) дейін деп көрсетілген, ал Бас мемлекеттік санитар-дәрігердің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 8 "Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" қаулысына сәйкес ХҚО мен Орал қаласындағы мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі төмендегідей өзгертілді:

- жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).

- сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).

- жексенбі – демалыс.

Осыған байланысты сенбі күндері ХҚО немесе мамандандырылған ХҚО қызметіне жүгінер кезде 1414 немесе 109 байланыс орталықтары (қоңырау шалу тегін) арқылы бөлім жұмысының кестесін нақтылап алуды сұраймыз.

Сондай-ақ, кезекті электронды түрде брондау www.egov.kz Электрондық Үкімет порталы, Telegram  (бот-@kenes1414bot), eGov mobile қосымшасы арқылы,1414 немесе 109 байланыс орталықтарына қоңырау шалу арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Магзура Нұрмұханбетова,

БҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалының PR-менеджері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале