14.04.2021, 15:35
Оқылды: 15

Өз ісінің білгірі – алпыс жаста

Бүгін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» марапатының иегері Звайда Өтешова 60 жасқа толды.

60

Звайда Бисенқызы 1961 жылы 14 сәуірде БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітіріп, 1984-1989 жылдары аралығы облыстық балалар және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында әдіскер, бөлім басшысы қызметін атқарды. 1989-1991 жылдары облыстық мәдениет басқармасының театр-ойын-сауық кәсіпорындар және кітапханалар бойынша аға инспекторы, 1991-1994 жылдары Аркадий Гайдар атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында директордың орынбасары лауазымын атқарды.

27 жыл Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

Бүгінгі таңда кітапханада кеңесші маман қызметінде жас кітапханашыларға бағыт-бағдар беріп, өзінің тәжірибелерімен бөлісуде.
Аталмыш мекеме қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Айтбаева: «Кәсіби маман, білікті басшы өзінің қызметтік жолындағы жетекшілік стратегиясында кәсіподақ мүдделері мен мақсаттарын алдыңғы қатарға қоя білді. Бүгінгі бірлестіктегі ұжымдық шарттың екі жақты нәтижелі жұмыс жасап отыруы да – Звайда Бисенқызының еңбегі еді. Төтенше жағдай кезінде көпшілік мекемелер қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасауға көшіріп, жалақының 50%-ын төлей бастаған кезде Звайда Бисенқызының бастамасымен біздің мекеме жұмысшылары 100%-дық жалақыны сақтай отырып, қашықтыққа көшірілген болатын, - дейді.


«БҚО Кәсіподақ
орталығы» АКБ-і ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале