14.04.2021, 17:18
Оқылды: 65

Бөкей ордасы ауданы әкімі чемпионды қабылдады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов қол күресінен тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 85 келі салмақ бойынша бірінші орынды еншілеп, чемпион атанған саралжындық жерлесіміз Алманияз Қаналиевті қабылдады.

8BAFF927-A5A5-4F03-B09E-E0C96A2E19F5

— Тек Бөкей ордасының ғана емес, батыс өңірінің мерейін асырып, абыройын асқақтаттыңыз. Алдағы уақытта да айтулы додаларда намысты қолдан жібермей, спорт саласындағы жетістіктерімізді еселей беруіңе тілекшіміз",— деп жылы лебізін білдірген аудан әкімі спортшыға толағай табыс тілеп, естелік сыйлықтарын табыстады.

Аталмыш шараға қатысқан аудандық мәслихаттың хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дмитрий Семилидилер де спортшыға чемпиондық тұғырлардан көрініп, әлемдік долаларда топ жара беруіне тілектестігін білдірді.

6EB24628-2281-4D6E-80B3-1E7BEC76C4B6

Айта кетелік, Алманияз Қаналиев тамыз айында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ.

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале