Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасының тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі Болат Алтынбаевты еске алуға арналған турнир өтті.
Жалағаштан шыққан әскери-теңіз флотының майталманын еске алуға арналған доданың басты мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дзюдодан 2006-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде аудан тұрғыны Алдияр Саин +73 келі салмақ дәржесі бойынша І орынға ие болды.
Алдияр қазіргі таңда «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернет-колледжі» КММ тәрбиеленушісі.
Аталмыш сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп қана қоймай, ерекше көзге түсті дейді жаттықтырушылары. Боз кілем додасында бес белдесуін де таза ұтқан Алдиярға жаттықтырушылары да, ата-анасы да зор үміт артады.
А.Аймырзақызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress