16.04.2021, 18:01
Оқылды: 40

БҚО филармониясында "COVID-19-ке қарсы әрекет жасау" ақпараттық сессиясы өтті

Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық  филармонияда "Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы" ХҚ облыстық филиалы және Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияның солистері мен облыстық камералық оркестр музыканттарының қатысуымен "COVID-19-ке қарсы әрекет жасау" ақпараттық сессиясы шеңберінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сағаты өтті.

 ф1

Іс-шара короновирустық инфекция кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, халықты мәдени бағдарламаларға қатысуға тарту, мәдениет қызметкерлеріне деген құрметті арттыру мақсаттарын көздеді.

- 16 сәуір – Дүниежүзілік дауыс күні. Дауысты ерекше күнге арнау идеясын 1999 жылы бразилиялық ларингология және дауыс қоғамы ұсынған. Бұл терапевт-дәрігерлер, логопедтер және ән айту оқытушыларының бірлескен бастамасының нәтижесі болды.

ф2

Мақсат – адам дауысының феноменіне, адамдармен қарым-қатынас жасау, эмоциялар мен сезімдерді білдіру, дыбыс сұлулығымен қуанту және т.б. мүмкіндік беретін сыйға назар аудару. Ал міндет – бәрін өз дауысына қамқорлық жасауға, үйренуге, сондай-ақ білікті көмек пен оқытуға қалай жүгінуге болатындығы туралы білім беруге шақыру.

ф3

"Үнсіздік сағаты" ақпаратты дауыстап бөлісу мүмкіндігінің мағынасын түсінуге көмектеседі. Мамандар бізге күнделікті өмірде 60 минут бойы үндемеуді, сонымен бірге мәселелерді дауыссыз-ақ шешуге тырысуды ұсынады, - дейді шара ұйымдастырушылары.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале