17.04.2021, 12:13
Оқылды: 34

Теректі ауданының әкімі жергілікті бағбандармен кездесті

Жұмыс сапары барысында Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов жергілікті бағбандармен кездесті. Күні кеше ғана "Барбастау фермерлері" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің құрамына кірген бағбандардың дайындығы қауырт.

20210417_120344

Кооператив құрамында әзірге 4 шаруашылық, еншісінде 78 га жер бар. Ұйым құрамы 8 шаруа қожалығына көбейіп, жер көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мысалы АӨК мүшесі "Дмитриев" ШҚ өткен жылы 5 га жерінен 60 тонна қызанақ, 60 тонна сәбіз, 50 тонна қарбыз, 40 тонна орамжапырақ, 6 тонна картоп өндірген. Биыл АӨК арқылы жер жыртатын трактор көмегіне қол жеткізбек.

Ал Владимир Миронов жетекшілік ететін "Миронов" ШҚ 50 га жерге көкөніс және бақша дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Жылыжайларын көшетпен жайқалтып қойған шаруаның көңілі көтеріңкі. Болашағына да нық сеніммен қарайды.

Ауыл шаруашылық өндірістік кооператив құрудың басты мақсаты - бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының тауарын тікелей сөреге жеткізіп, нарықтық құнымен сатуға қолдау көрсету. Болашақта көкөніс сақтау базасын жабдықтау арқылы, қайта өңдеу және жартылай фабрикаттар өндіру де жоспарларында бар.

Әділет Әлібек,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале