19.04.2021, 20:37
Оқылды: 322

Сайлауалды уәделердің орындалуы – басты назарда

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалы саяси кеңесінің бюро отырысы өтті.

п2

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының конференциясын шақыру» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның филиал төрағаларын, қоғамдық кеңестердің құрамдарын бекіту туралы» екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 13 мамырда облыстық филиалдың XXVII есеп беру сайлау конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

п4

Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Әр жылға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделген.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылды. Сондай-ақ Саяси кеңес бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

п1

«Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасы Ғали Есқалиевтің айтуынша, облыста барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылды. Олардың құрамына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар кірді, этникалық құрам мен қызмет саласы ескерілді.

Бюро отырысында партия филиалдары сайланбалы органдар (саяси кеңестердің, саяси кеңес бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) төрағаларының, төраға орынбасарларының, бастауыш партия ұйымдары бюроларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» партиясы Жарғысына сәйкес облыстық және аудандық партия филиалдарының есеп беру, сайлау конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар  партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

Отырыста партия лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен, партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасаудың  қамтамасыз етілуі басты назарда екендігі айтылды.

 

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале