1942 жылдың басында әкесі майданға аттанған кезде Базарбай бір жасқа да тола қоймаған еді. Отбасы иесі сол кеткеннен қайта оралмады. Сол жылы Дүрлен Күзетұлының Беларуссиядағы Витебск облысына қарасты Данчик қаласында ұрыс кезінде қаза тапқаны жөнінде қаралы қағаз келгенін Базарбай кейін бір-ақ білді. Бұл тағдырға не шара, бұдан соң есін білер-білмес екі жасында анасы Шынтыр да о дүниелік болып кетеді. Осы кезде ата-анасынан қатар айырылып, тұлдыр жетім болып қалған бүлдіршінді әкесінің ағасы Ыбраш пен оның әйелі Ахан өз қолдарына алады. Ол ерлі-зайыптылардың жеті перзентімен бірге сегізінші баласы болып ер жетеді.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №31 санындағы танымал журналист Темір Құсайынның «Кісілік қалпынан айнымаған» атты мақаласынан оқыңыз, қадірлі оқырман!
zhaikpress