Ұлттық мектеп лигасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық баскетболдан «Алтын доп» жарысында Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектептің қыздар құрамасы жүлделі ІІ орын алды. Бүгін жеңімпаздарды Орал қаласы темір жол вокзалынан қалалық білім беру бөлімі, мектеп ұжымы, ата-аналар арнайы күтіп алды.
Ұлттық мектеп лигасы аясындағы ойындар 8-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында ұйымдастырылды. Оған республикамыздың әр өңірінен 8 команда қатысқан. Облысымыздың намысын қорғаған Орал қалалық №1 жалпы орта білім беру мектебінің құрамасы бұл жарыста жақсы нәтиже көрсете білді.
Финалдық ойында жергілікті Павлодар облысының командасына ғана есе жіберіп, жүлделі ІІ орынға тұрақтады.
Команданың жаттықтырушылары – Е.Бералиев пен З.Әбдрахманова.
Эльмира Нұғманова