Жуырда Тараздан қуанышты хабар жетті. Батыс Қазақстан спортының тарихында алғаш рет «Грация-KZ» волейбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды.
Жоғары топта әйелдер арасында өткен ел біріншілігінде жерлестеріміз 5 турдың бәрінде жеңіске жетіп, жоғары кәсіби шеберліктерін паш етті. Ұлттық чемпионаттағы жарқын жеңіс, чемпион атағы – бұл команданың алғашқы ірі жетістігі. Республикалық деңгейдегі іргелі де ең ірі турнирге команданы дайындаған бапкерлер – Нұрсұлу Ғұбашева, Әсел Ғұбашева және Айна Ғұбашева.
zhaikpress