23.04.2021, 9:26
Оқылды: 42

Домалақ арыз түбіне жеткен директор

Отызыншы жылдардың ойранын көз алдыңа әкелетін көне құжаттарды қарап отырып саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға тағылған айыптың қисынсыздығына, соған қарамастан мыңдаған адамның атылып, айдалып кеткеніне таңғаласыз.

 Scan0008

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Біздің тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді ұмытпауымыз осындай нәубеттердің қайталанбауы үшін қажет. Халықтың қасіретті сәттері әрдайым елдің жадында болуы тиіс» деген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын түбегейлі ақтау туралы комиссияның да міндеті солақай саясаттың сорақы істерін барынша әшкерелеп, қоғам талқысына шығару деп түсінеміз.

Заманында қатарының алды болып, өнер-білімге ұмтылған, кейін сол білімді жас ұрпақтың көзін ашуға жұмсаған Қайыр Жәрдемәлиев сталиндік репрессия кезінде жазықсыз атылып кеткен арыстың бірі еді. Ілбішін (қазіргі Ақжайық) ауданындағы орталау мектеп директоры болып жүрген кезінде, 1937 жылы 11 қыркүйекте тұтқындалған Қайыр сол жылы 10 қазанда Орал қаласында атылған. Оған әйгілі 58-баптың 2 және 11-бөліктері бойынша айып тағылған екен. Мұның алғашқысы Кеңес үкіметін немесе одақтық республикалардың бірінің билігін қарулы күшпен басып алу болса, екіншісі осындай мақсатта ұйымдасқан топ құрып, дайындық жұмысын жасады дегенді білдіреді. Алайда Қайыр Жәрдемәліұлының өмірбаянын қарасаңыз, бүкіл өмірі ХХ ғасырдың қадау-қадау оқиғаларымен қатар өрбіген қарапайым ұстаздың үздіксіз өсу жолына қанығасыз.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі №32 санындағы танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Домалақ арыз түбіне жеткен директор» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале