27.04.2021, 9:39
Оқылды: 39

Бәйтеректе түлектер бастамасы қолдау тапты

Бәйтерек ауданы Көшім орта мектебінің биылғы түлектері білім ордасының ауласына алма көшеттерін отырғызды.

96855B1B-8478-414B-B741-E9BF22E091FA

Оқушылардың бұл бастамасы ауыл азаматтары арасында да үлкен қолдауға ие болып, алма аллеясы бүгінде алма бағына айналуда. Түлектердің игі ісін мектеп ұстаздары да жалғастыруда. Енді оқушылар еккен 15 түп алма ағашының жанына мұғалімдердің көшеттері отырғызылатын болады. Бұдан бөлек мектеп түлегі, белгілі кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Есен Сүндетов те бастамаға қолдау танытып, тағы да алма көшеттерін отырғызбақшы.

818D3064-318F-42B2-BAFE-4298D1D9CF7F

-Биылғы түлектер өзара ақылдаса келе білім ордасы жанынан алма бағының алғашқы көшеттерін отырғызды. Әр оқушы өз ағашын күтіп баптап, жерсініп кетуіне үлес қосатын болады. Одан бөлек 52 роза гүлін де ектік. Осылайша өңір басшысының «Менің аулам - менің бағым» жобасына қолдау білдірдік,- дейді мектеп директоры Валентина Семеновна.

2C341C42-4A5A-46E6-9DF9-BD2D860BB274

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале