28.04.2021, 4:15
Оқылды: 45

«Ұмай» – әйелдер ипотекасы  

Еліміздегі  «Отбасы  банк» тұрғын үй  құрылыс жинақ банкі»  АҚ-да  («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй саласында гендерлік теңдікке негізделген  ипотека жобасын іске қосты.  Аталмыш банктің облыстағы филиалында жаңа бағдарлама бойынша өтініштерді қабылдау, оларды қарау жұмыстары басталды.

628F4212-7853-4498-AEEE-834603E08EBD

«Ұмай» атауын алған бағдарлама Азия Даму банкінен алынған 38 миллиард теңге қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның мақсаты – ақ жаулықтылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту. Жоба аясында шамамен 4000-ға жуық қыз-келіншек тұрмыстық жағдайын жақсартпақ.

Банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қарыз алушы кәмелеттік жасқа толған, Қазақстанның азаматшасы болуы керек. Оның отбасылық айлық табысы 320 000 теңгеден аспауы тиіс. Тұрғын үй таңдауда шектеу қойылмайды, ипотеканы жаңа пәтерлерге де, қамданыстағы пәтерлерге де, оның ішінде үлестік келісім бойынша және үй жөндеу мақсатында да рәсімдеуге болады. Қыз-келіншектердің табысы 200 мың теңгеден аспаcа, несие шамасы тұрғын үйді бағалау құнының 85%-на дейін беріледі. Мысалы, пәтерді бағалау құны 10 млн. теңге болса, несиеге 8,5 млн. теңгеге дейін қаражат алу мүмкіндігі болмақ. Ал табысы  320 мың теңгеден аспаса, тұрғын үйді бағалау құнының 80%-на дейін несие беріледі.   Мәселен, 10 млн. теңге тұратын пәтер алу үшін 8 млн. теңгеге дейін қаражат аласыз.

Жоба бойынша баспаналы боламын деген нәзік жандардың қолында немесе шотында пәтер құнының 15-50%-ы болуы міндетті.

Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 30 млн. теңге, тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін алынатын қарыздың ең жоғары шамасы – 3 700 000 теңгеге дейін деп белгіленді.  Ипотеканың ең ұзақ мерзімі – 25 жыл.

Бағдарлама бойынша несиенің мөлшерлемесі – 12%. Тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі жылдық 3,5 пайызға дейін төмендейді. Атыңыздағы баспананың бар-жоғы маңызды емес. Алдын ала несие беру мерзімі – 6  айдан 10 жылға дейін. Бағдарламаға қатысып, баспаналы болу үшін банкке өтініш қалдырып, депозит ашу керек.

 Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале