28.04.2021, 16:17
Оқылды: 26

Қаратөбе ауданында ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

28 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы аудандық бюроның шешімімен еліміздегі пандемияның ахуалын ескере отырып онлайн-форматта өтті.

179436064_2935388420115974_4669171109056334355_n (1)

Конференция «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен, конференция делегаттарының қатысуымен өтті.

Кезекті конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер, «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамын бекіту, облыстық конференцияның делегаттарын сайлау мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Меңдешов баяндама жасады.

178355882_2935388446782638_2246076153191961524_n (1)

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша аудандық партия филиалының он бес партия мүшелерінен тұратын Саяси Кеңесінің құрамын және облыстық филиал конференциясына сайланатын делегаттар құрамын таныстырып, бекітуге ұсынды. Делегаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Партия конференциясы күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді тыңдап, партия филиалының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріліп, қаулы алынды.

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале