Кіші Жүз батыс бөлігі қазақтарының билеушісі, Әбілқайыр ханның немересі, Айшуақ ханның баласы Баймағамбет сұлтанды білмейтін адам аз. Оның есімі әдетте Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісіне байланысты, Махамбет Өтемісұлының әйгілі жырымен еске түседі. Баймағамбет сұлтан, генерал-майор Баймұхамед Айшуақов туралы мәліметтер ел аузында да, жазба деректерде де өте көп сақталған. Ол 1790 жылы әкесі Айшуақ ханның 65 жасында көрген кенже баласы екен. 1797 жылы Есім хан өлген соң Кіші Жүз билігіне келген Айшуақ хан 1805 жылы хан тағынан өз еркімен бас тартқанға дейін Баймағамбетті жанына ертіп жүріп, ел билеу ісіне баулыған деп айтылады.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 сәуір күнгі 2021 жылғы №35 санынан белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының «Баймағамбет сұлтанның өлімі» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress