30.04.2021, 11:41
Оқылды: 51

Жаңақалада бюро отырысы өтті

Таяуда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Наурызбай Қарағойшиннің төрағалығымен онлайн жүйеде Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Аталмыш жиында аудандық филиалдың есептік-сайлау  конференциясын өткізу кестесін және партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Саяси кеңес бюросы өтті (2)

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов бастауыш партия ұйымдарының есептік жиналыстарын өткізу кестесімен таныстырып,карантин режиміне байланысты онлайн форматта өтетіндігін атап өтті. Одан әрі партияның  сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары талқыланып, бекітілді.

Саяси кеңес бюросы өтті (1)

Атап айтсақ, аудандық партиялық бақылау комиссиясы, «Nur Otan» партиясы  аудандық филиалының жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес, «Nur Otan» партиясы  аудандық филиалының жанындағы «Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі кеңес, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Өңірлік даму» жөніндегі кеңес, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі кеңес, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Экологиялық кеңес», «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Аграрлық секторды дамыту» жөніндегі кеңес. Жиын соңында осы қоғамдық кеңестің төрағалары, орынбасарлары және мүшелері таныстырылды.

 

Ақсәуле Әлжан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале