4.05.2021, 9:34
Оқылды: 40

Дер кезінде құлақ асты

«Орал өңірі» газетінің биылғы 9 сәуірдегі санында «Мұны кім түзейді?..» деген шағын материал жарық көрген болатын («Оө», №28. 19-бет. 09. 04. 2021). Бұл материалда Оралдағы «Мәңгілік алау» алаңындағы Ауғанстанда әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткішке жазылған жыр жолдарының әріптеріне айтарлықтай нұқсан келгендігі баяндалған еді.

0850B6FE-7868-4F2E-A8BF-54E9A79B26EE

Редакция алқасы осы олқылықты 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін жоюды ұсынған болатын. Осыдан біразырақ күн бұрын аталмыш ағаттық түзелді. Редакция сынына дереу құлақ асқаны үшін Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Серік Қайырлиевке, сондай-ақ ержүрек сарбаз-сардарларға орнатылған ескерткіштің жаңарып-жаңғыруына тікелей үлес қосқаны үшін «Рекком» жарнама агенттігінің директоры Айман Мансұрова мен осы мекеменің ұжымына «Орал өңірінің» мың-сан оқырмандарының атынан алғыс айтамыз.

1905BF1B-08B1-43EA-920D-B80C5AE389E0

Редакция алқасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале