4.05.2021, 9:40
Оқылды: 39

Жапырақ жайсын тал-терек

Бүгінгі таңда Орал қаласын санитарлық тазалау мен  абаттандыру ауқымында сенбіліктер  өткізілуде. Өткен жұма күні түстен кейін облыстық, қалалық әкімдіктер мен мекемелер қызметкерлері Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесі бойына көшеттер екті.

2D9C00D4-2EB5-4B6F-B3AB-2CED339B5734

Аталған көшеде орналасқан мына тынымбақта абаттандыру ережесіне сәйкес бір кесілген ағаштың орнына 10 ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Меншік иесіне қарамастан мекемелер кепілдеме-міндеттемесін орындап, осы жерге 400 түп ағаш отырғызуда. Биыл қаланың көше жол жиегінде, тынымбақтар мен саябақтарда 50 мыңға жуық тал-терек  егуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар үш жылға жасалған келісімшарт аясында жүргізілуде. Бұдан басқа жаңа шағынаудандарды игеру мақсатында бекітілген жобалық-сметалық құжаттамалар бар. Көшет егу жұмыстарына осы жерде қызмет көрсетуші компаниямен бірге жергілікті тұрғындар да атсалысуда. Кепілдеме-міндеттемелерге орай, егілген көшеттерді күтіп, баптау, суару жұмыстарына арнайы мекемелер бекітілген. Келісімшартта мердігер мекеме бұл жерді күтіп, ұстауға міндеттеме алған. Жергілікті тұрғындарды отырғызылған ағаштарды күтіп ұстауға шақырамыз, – деді бізбен әңгімесінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай.

Облыстық «Жасыл ел» штабының волонтерлері де Зашаған кентіндегі ағаш егу акциясына қатысуда. Аталған штабтың жетекшісі Асылан Тәпішев Деркөл кентінде де «Жасыл ел» жасақтарының күшімен сирень ағаштарын отырғызу жұмыстарының жүргізілетінін айтады.

– Волонтерлер 9 мамырда ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, ауласындағы бақшаларын қопсытып, қазып, бау-бақша егу, оны күтіп ұстауды өздерінің қамқорлығына алып отыр. Бұл жөнінде ардагерлердің өздері өтініш еткен-ді. Жыл сайын біздің жасағымыз ардагерлердің үйлерін тазалап, әктеп, ақтау жұмыстарын атқаратын. Биыл  олардың бақшаларын күтіп, баптауға жәрдем берілсе, – дейді Асылан Тәпішев.

Тынымбақта мектеп жасындағы балаларға тал егу жұмыстарына бағыт беріп жүрген осы жердің тұрғыны Шолпан Ахметова спорт алаңында биржа арқылы жұмыс істейді екен.

– Көппен бірге терек отырғызып, кенттік округтің жасыл желекке бөленуіне өз үлесімді қосудамын. Егілген көшеттер жайқалып өсіп, саялы бәйтерекке айналған. Қаламыз, еліміз жайнай берсін, – деді ол өз сөзінде.

 Нұрымбек Мүсәлімұлы,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале