Тасқала аудандық ауруханасы «Эскулап» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдарда атқарылған жұмыстары туралы есебі тындалды.
«Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдары өздерінің жиналыстарын өткізді. «Эскулап» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиынына «Nur Otan» партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева қатысты. Аталмыш ұйымның 94 мүшесі, соның ішінде 5 зейнеткер, 89 дәрігер және медбикелер бар. Жыл өткен сайын партия ең басты саяси күшке айналып, халықтың қолдауына ие болуда. «Nur Otan» партиясымен 3 жоба бекітілді, соның ішінде «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы». Осындай игі істер халықтың қамын ойлаған дәрігерлер мен медбикелердің арқасы. Атқарылып жатқан әрбір іс, ауыл тұрғындарымен бірлесе жасалынып жатқан жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатыны сөзсіз.
Гүлмира Серікқали,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz