Жуырда Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы «Жұбан молда» мешіті қызметкерлері Қасиетті Рамазан айынының құрметіне «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі мен Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп, ораза тұтқан жандарға ауызашар қоржындарын таратты.
Жастар мен волонтерлар аудан орталығында тұратын ауызы берік мұсылмандар мен аз қамтылған отбасыларға 30 қоржын үлестірді. Болашақта бұл шара Дариян ауылында да өткізілмек.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz