Ата баласының ат меңіндей белгісі болады...» дейді халық даналығы... Мағыналық екпін «Ата» сөзінде. Тектілігіне, тектінің сөзін тыңдап, ұғына білген, жақсы қасиеттерді жадына тоқи білген құймақұлақтығына қарап берілетін баға болар бұл.
... Ауыл қонақтығында отырмыз. Суырыла сөйлеп, марқұм Бисен Жұмағалиев ағамызша айтқанда,бір «балөшкі шал» естеліктер тиегін ағытуда. Басы тәуір басталған әңгімелерінің аяғы барады да ылғи «мастыққа» тіреледі. Ішкен-жеген, бүлдірген...
Бір әңгіме, екінші...үшінші... Төрастап, ортасына жете бергенде қаршыға көзді қаракер жеңгей сосын тағы да ішіп, мас болып қалдыңдар ма?» деп қалды шыдай алмай. Отырғандардың жартысы күліп, қалғандары жымыңдап, енді біреулері «Неге күлесіңдер, айта берсін, қызық қой» десіп қот-қоттап жатыр. Манадан сөзге қонақ бермей, гулеп отырған әңгімеші сөзіне өзі енді ғана баға бергендей, қызарақтап барып басылды.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 7 мамыр күнгі №37 санындағы газеттің «Үзіліс» бетінің қоғамдық редакторы, белгілі ақын Дариға Ғазезқызының «Халық педагогикасы – қазына» атты мақаласынан оқып біле аласыздар!
zhaikpress